Қазақстан – Финляндия ойынына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды

Қазақстан – Финляндия ойынына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды
Фото: Scor.md

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Финляндия құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 7 қыркүйек күні "Астана Аренада" өтетін маңызды матчқа румын төрешісі Раду Петреску қазылық жасайды. 

Ойында Радуға отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Төрт ойыннан кейін "Н" тобында Финляндия және Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана финдер алда тұр. 

Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай