Данияр Елеусінов жаңа сайланған министрге өтінішін айтты

Данияр Елеусінов жаңа сайланған министрге өтінішін айтты
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Танымал боксшы Данияр Елеусінов туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа былғары қолғап шебері Серік Сәриевті жұмысқа алуды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл өтінішін ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Жеке Туризм және спорт министрлігін құрғаны туралы жақсы жаңалықты естідім. Жаңа министрлікті бұрынғы спортшы Ермек Маржықпаев басқарады, бұл - екі есе жағымды жаңалық. Ермек Маржықпаев тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Бізге спорттың барлық мәселеcін іштей білетін және мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар спорт адамдары қажет. Онда өз ісінің маманы Серік Сапиевті көру жақсы болар еді. Секе (Серік Сәпиев - еск.), оралыңыз және біздің спортты олимпиадалық биіктерге көтеріңіз", - деп жазды былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек