Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі ресми түрде белгілі болды

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі ресми түрде белгілі болды
Фото: ©instagram.com/kuat__khamitov

Ресейлік жауынгер Александр Шлеменко мен қазақстандық Қуат Хамитов арасындағы жекпе-жек 29 қыркүйекте Мәскеуде өтетін Top Fight лигасы турнирінің басты кездесуі болмақ. Бұл туралы MMA.Metaratings.ru ұйым басшысы Марат Сидикеев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

35 жасар Хамитов соңғы жекпе-жекті 2023 жылы мамырда Hardcore MMA 62 турнирінде өткізіп, ресейлік Залимхан Юсуповты бірауыздан төрешілер шешімімен жеңген еді.

39 жастағы Шлеменко соңғы рет 2023 жылғы шілдеде бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы Shlemenko FC 8 турнирінде шаршы алаңға шықты. Бұл кездесуді бірінші раундта Александр тұншықтыру әдісімен жеңген еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов