"Орта салмақта бір ғана патша бар! Және бұл менмін". Әлімханұлы Головкин туралы батыл мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кіші Крис Юбенктің мәлімдемесіне күмән келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Британдық Крис Юбенк орта салмақта өзінің отандасы Лиам Смитті нокаутпен жеңіп, Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлімханұлы, бұл ұсыныстың өзіне тасталмағынына "Британдық менен қорқады" деп жазба жариялады. Оның пікірінше қазіргі уақытта "QAZAQ STYLE" GGG-ге қарағанда қарсыластар үшін қауіпті. 

"Неге оған Головкин керек? Неліктен ол менің атымды атамайтынын білесіз бе? Өйткені мен түнгі қорқынышпын. Орташа салмақта бір ғана патша бар! Және бұл мен! Юбенк-оңай жұмыс", - деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.

Естеріңізге сала кетейік, Юбенк Головкинді жиі жекпе-жекке шақырады. Бірақ сөздің арты іске ұласпады.  Боксшылар 2016 жылы кездескенімен, маңызды келіссөздерге келгенде Британдық келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!