Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионына қарсы кездесу өткізетіні ресми түрде жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионына қарсы кездесу өткізетіні ресми түрде жарияланды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-та өтетін жақын арадағы жекпе-жекте IBF чемпионы Винченцо Гуальтиериге (21-0-1, 7 КО)қарсы шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке cілтеме жасап.

Қазақ пен неміс арасындағы жекпе-жек 14 қазанда Розенбергтегі Fort Bend Epicenter аренасында, Хьюстон маңында (Техас штаты) өтеді.

Әлімханұлы екінші рет WBO атағын қорғайды. Гуальтиери үшін бұл бірінші қорғаныс болады. Ол шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңген еді.

Айта кетейік, мамырда Әлімханұлы чемпиондық белбеуін Стоктонда (Калифорния, АҚШ) қорғады, ол кезде канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова