Танымал футболшы өмірде нені маңызды санайтынын айтты

Танымал футболшы өмірде нені маңызды санайтынын айтты
Фото: instagram.com/mancity/

"Манчестер Сити" командасының үздік сұрмергені Эрлинг Холанд Impaulsive подкастында өмірде нені маңызды санайтыны жайлы сұраққа жауап берді. Ол үшін ең маңызды нәрсе – ұйқы. 

Өмірдегі ең маңызды нәрсе ұйқы деп ойлаймын. Жақсы ұйықтап, сергек тұру үшін көк көзілдірік пен жатын бөлмедегі тыныштық қажет. Мен ұйықтардан үш сағат алдын көзілдірігімді тағып аламын, - дейді футболшы. 

Эрлинг Холанд – ең танымал футболшылардың бірі. Өткен аптада ағылшын премьер-лигасындағы ең үздік ойыншы атанды. Ал кеше UEFA таңдауымен 2022/2023 жылғы маусымдағы үздік футболшы марапатына ие болды. 

Норвег футболшысы 2022 жылдан бастап "Манчестер Ситиде" ойнап келеді. Клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған. Өткен маусымда команда сапында 53 ойынға қатысып, 52 гол соққан, 9 нәтижелі пас берген. 

О. Сансызбай