"Астанаға" Конференция лигасында қандай клубтар қарсылас атануы мүмкін?

"Астанаға" Конференция лигасында қандай клубтар қарсылас атануы мүмкін?
Фото: "Астана" ФК

Футболдан Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық команда белгілі болды. Олардың қатарында елорданың "Астана" клубы да бар. 

Топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімі бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 18:30-да Монакода өтеді. Командалар себеттерге бөлініп, бір-біріне қарсылас атана алмайтын ұжымдар да анықталып үлгерді. Бір себеттегі командалар бір топқа түспейді. "Астана" үшінші себетке түскен. Бұл себетте отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Бешикташ" клубы да бар. 

1-себет: "Айнтрахт" (Германия), "Динамо Загреб" (Хорватия), "Гент", "Брюгге" (екеуі де - Бельгия), АЗ (Нидерланд), "Фенербахче" (Түркия), "Лилль" (Франция), "Ференцварош" (Венгрия).

2-себет: ПАОК (Грекия), "Слован" (Словакия), "Маккаби Тель-Авив" (Израиль), "Виктория" (Чехия), "Астон Вилла" (Англия), "Лудогорец" (Болгария), "Фиорентина" (Италия), "Буде-Глимт" (Норвегия).

3-себет: "Генк" (Бельгия), "Заря" (Украина), "Астана" (Қазақстан), "Бешикташ" (Түркия), ХИК (Финляндия), "Спартак Трнава" (Словакия), "Олимпия" (Словения), "Легия" (Польша).

4-себет: "Зриньски" (Босния және Герцеговина), "Клаксвик" (Фарер аралдары), "Абердин" (Шотландия), "Чукарички" (Сербия), "Лугано" (Швейцария), "Брейдаблик" (Исландия), "Норшелланн" (Дания), "Балкани" (Косово).

Айта кетейік, "Астана" биылғы еурокубокты Чемпиондар лигасынан бастады. одан кейін Еуропа лигасындағы ойынын сәтсіз өткізді. Конференция лигасының плей-офф сатысында Албанияның "Партизани" клубынан басым болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай