Қазақстандық футболшылар "Барселона" аңыздарына қарсы өткен ойынға қатысты

Қазақстандық футболшылар "Барселона" аңыздарына қарсы өткен ойынға қатысты
Фото: Tengri Sport

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте футболдан ерекше жолдастық ойын өтті. "Барселона" футбол клубының аты аңызға айналған ойыншыларына қарсы Азия футболының атақтылары алаңға шықты. Азия құрамасы қатарында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та ойнады. 

"Спартак" стадионында өткен ойынға жанкүйерлер көптеп жиналды. Себебі алаңға Карлес Пуйоль, Ривалдо, Хавьер Савиола, Эдгард Давидс, Людовик Жюли, Хуан Пабло Сорин сынды танымал ардагер футболшылар шықты. 

Азия аңыздары құрамында қазақстандық ардагер футболшылардан Самат Смақов, Андрей Карпович және Давид Лория өнер көрсетті. 

Ойында 3:0 есебімен каталондық клубтың аңыз ойыншылары жеңіске жетті. Ривалдо, Эдгар Давидс және Хавьер Савиола өз еншілеріне бір-бір голдан жазып қайтты. 

Ойын қырғыз жеріндегі "Барселона" клубының академиясының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай