Месси MLS-тегі алғашқы голының әсерін бөлісті

Месси MLS-тегі алғашқы голының әсерін бөлісті
Фото: instagram.com/leomessi

Аргентиналық форвард Лионель Месси "Интер Майамиге" MLS ішкі чемпионаты аясында Нью-Йорк Ред Буллзды (2-0) жеңуге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынның 37-минутында Диего Гомес есеп ашып Интер Майамиді алға шығарды. Ал қосалқы құрамнан алаңға кірген Месси 89-шы минутта ойынға нүкте қойды. Лео үшін бұл MLS-тегі дебюттік матч болатын. Ойыннан кейін ол өз командасының жетістігі туралы әлеуметтік желіде пікірімен бөлісті.  

"MLS - ке оралғаннан кейін керемет жеңіс (Major League Soccer-АҚШ пен Канададағы футбол лигасы жүйесінің жоғарғы дивизионы). Рахмет, Нью-Йорк", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Месси бұған дейін MLS + MX Лига Кубогының турнирінде жеңіске жетіп, Интер Майами сапында өзінің алғашқы  титулын жеңіп алған болатын. Бұл оның мансабындағы 44-ші кубок. Бұл көрсеткіш бойынша Лео тарихтағы ең титулды футболшы болушы атанған. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов