"Қайрат" Португалиядағы турнирде "Бенфиканы" да айқын ұтты

"Қайрат" Португалиядағы турнирде "Бенфиканы" да айқын ұтты
Фото: Kairat AFC

Алматының "Қайрат" футзал клубы Португалияда өтіп жатқан "International Masters Cup" турнирінде Лиссабонның "Бенфика" командасын ұтты. Ойында қазақстандық клуб 5:2 есебімен айқын жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайрат" командасы сапында Кайо Руис пен Алекс Виана дубль жасаса, бір голды Денер Родриге өз еншісіне жазды. 

"Бенфика" Еуропадағы танымал футзал клубтарының бірі. 2009/2010 жылғы маусымда УЕФА кубогын (қазіргі футзалдың Чемпиондар лигасы) жеңіп алған. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" турнирдегі бірінші ойынында Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы "Спортингтен" айласын асырған болатын. Келесі ойынын 26 тамыз күні тағы бір португалдық команда "Брагаға" қарсы өткізеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай