Кукушкин мен Скатов US Open-2023 іріктеу турнирін сәтті бастады

Кукушкин мен Скатов US Open-2023 іріктеу турнирін сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисшілер Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында алғашқы іріктеу кездесулерін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 Михаил Кукушкин алғашқы айналымда италиялық теннисші Маттиа Беллуччимен кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Ал Тимофей Скатов жапониялық Каичи Учиданы 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңді.

Айта кетейік, Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов "Үлкен дулыға" санатына жататын US Open турнирін іріктеу кезеңдерінен бастады. Ал Александр Бублик (жекелей сын), Александр Недовесов пен Андрей Голубев (жұптық сын) бірден турнирдің негізгі кезеңінде ойнайды.

Ал әйелдер арасында жекелей сын бойынша Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ал жұптық сын бойынша Анна Данилина қатысып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан