Төрешіні соққыға жыққан футболшы жазаланды

Челябинскіде төрешіні соққыға жыққан "Бажов" әуесқой командасының ойыншысына қатысты шешім шықты. Солтүстік-батыс лигасының тәртіптік-бақылау комитеті Телман Сноджянды өмір бойына жарыстарына қатысуына тыйым салды. 

Тәртіптік-бақылау комитеті шешімімен футболшы "Солтүстік-батыс 8х8" лигасының жарыстарына мүлде қатыспайды. Ал команда 5 мың рубль көлемінде айыппұл төлейді. 

Айта кетейік, "Бажов" пен "Катрен" командалары арасындағы ойында төреші шешіміне қарсы болған ойыншы төбелес шығарған еді. Командалас туысына қызыл қағаз көрсеткені үшін жұдырық сілтеп, төрешіні соққыға жыққан. Бас қазы Жорж Максим де есесін қайтарғысы келген. Кейіннен ойыншылар екеуін ажыратқан болатын. 

Алаңдағы қақтығыстан ешкім жарақат алмаған. Іс полиция назарына іліккенмен, төреші футболшыға қарсы арыз жазып шағымданбаған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!