Шавкат Рахмоновтың салмағындағы UFC рейтингі жаңарды

Шавкат Рахмонов бақ сынайтын жартылай орта салмақтағы UFC рейтингіне өзгерістер енді. Ал отандасымыз 6-орнын сақтап қалды. 

Америкалық Нил Магниді жеңгеннен кейін ирландиялық Иэн Мачадо екі саты жоғарылап, 13-тен 11-орынға көтерілді. Магни мен Кевин Холланд бір сатыдан төмен сырғыды. 

Алғашқы үштікте өзгеріс жоқ. Камара Усман, Колби Ковингтон және Белал Мұхаммед тұр. Ал чемпиондық белбеу ағылшындық Леон Эдвардсқа тиесілі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!