Ұлттық құрама футболшысы денсаулығына байланысты мансабын аяқтады

Ұлттық құрама футболшысы денсаулығына байланысты мансабын аяқтады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы Елдос Ахметов денсаулығына байланысты мансабын аяқтағанын хабарлады. Бұл туралы өзі Instagram желісіндегі парақшасына жазды. 

Мен кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Осы шешім мен үшін өте ауыр тиді, себебі биылғы маусымда Павлодардан кетіп, футбол жолымды басқа командада жалғастырғым келді. Тіпті ұлттық құрамаға оралып, жігіттерге көмектесемін деп ойладым. Бірақ Алланың адамға деген өз жоспары бар. Өкінішке орай, денсаулығымның жағдайына байланысты кәсіби футболда ойыншы ретінде қалуға мүмкіндігім жоқ. Қанша тырыссам да, кез келген матч немесе жаттығу денсаулығыма ауыр зиян келтіреді, - деп жазды. 

Елдос жанкүйерлері мен достарына футболдан алыс кетпейтіні жайлы да тілге тиек еткен. Ол білімін жетілдіріп, бапкерлік қызмет еткісі келеді. 

Алдағы болашақта футболда қаламын деп шештім, сондықтан бапкерлік білім алып, отандық футболымыздың дамуына үлесімді қосқым келеді. Жанкүйерлерге, достарыма, бұрынғы командаластарыма, бапкерлеріме, туған-туысқандарыма айтатын сөздерім: мені әрқашанда қолдап жүрдіңіздер, сіздерге алғысым шексіз! Аман-есен болайық! Сіздерді жақсы көремін! Футбол стадиондарында кездескенше!, - деді ойыншы.

Футболшы осы маусымды "Ақсу" командасы құрамында бастаған болатын. Жазда клуб қатарынан шыққан еді. 

Елдос Ахметов Тараз футбол мектебінің түлегі. Қазақстан премьер лигасында 2009 жылы "Ертіс" сапында бірінші ойынына шықты. "Тараз", "Астана", "Қайсар" және "Қайрат" клубтарында ойнады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YELDOS AKHMETOV (@eldos_akhmetov)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай