Зайнутдиновтың "Бешикташ" сапындағы алғашқы матчы қашан өтуі мүмкін?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешиктас" сапындағы дебюті осы аптада өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ыстамбұлдық клуб футболшыны ресми тіркегені белгілі болды.

"Бешиктас" жақын арадағы матчын 24 тамызда Конференция лигасының плей-офф кезеңінде киевтік "Динамоға" қарсы өткізеді. Зайнутдинов осы кездесуде дебют жасай алады.

Еске салайық, Зайнутдиновтың "Бешиктастағы" келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, футболшының трансфері Ыстамбұл клубына 4,5 миллион еуроға түскен. Оның жалақысы әр маусымға шамамен 1,2 миллион еуро болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!