Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі турнирде де жолы болмады

Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі турнирде де жолы болмады
Фото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалында италиялық теннисші Жасмин Паолинимен кездесті.

Елена Рыбакина алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңді. Екінші сетте италиялық теннисші 5:2 есебімен алға шыққанда, Елена сетті аяқтамастан, матчты жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл шешімді қабылдамас бұрын медицина қызметкерлерін шақырды. Алайда медициналық үзіліс алмай, бірден матчты тоқтатты.

Еске салайық, қазақстандық теннисші бұл турнирдегі ойынын екінші айналымнан бастаған еді. Ол осы кезеңде әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық теннисші Елена Остапенкомен кездесіп, 6:7, 6:2, 6:4 есебімен үш сетте жеңген еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан