Қытайдағы Азия ойындары: Қазақстанның Туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Қытайдағы Азия ойындары: Қазақстанның Туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды
Фото: instagram.com/qaz_olympics

Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстанның Туын ұстайтын спортшылар белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бокстан ұлттық құраманың капитаны — Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден әлем чемпионатының жүлдегері — Надежда Дубовицкая.

Асланбек Шымбергенов 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бокстан әлем чемпионы, Азия чемпионы және Джакарта-2018 жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Ал Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Семейде дүниеге келген. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлықтық рекордтың иегері.

Жуырда бүкіл әлем Қытайда өтетін Азиа ойындарында Қазақстанның туын тамашаламақ! Сондай-ақ, біздің делегаттардың шеберлігін және жеңіске деген жігерін көреді! Ол көшті еліміздің мақтан тұтар споршылары Асланбек пен Надежда бастайды!

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан