Шавкат Рахмоновқа лайық қарсылас ұсынылды

Шавкат Рахмоновқа лайық қарсылас ұсынылды
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Қазіргі таңда менеджерлер Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы ретте қазақстандықпен АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында бірге жаттығатын Иан Шавкат жұдырықтаса алатын бірнеше қарсыласты атады. 

"Гастелуммен жекпе-жек Шавкат үшін жақсы болатын еді. Шавкат - мықты жігіт. Өте-мөте жақсы файтер. Мен оны кезегімен бірнше файтерге қарсы айқасын көргім келеді. Шавкаттың Кевин Холландпен жекпе-жегін тамашалар едім. Одан кейін Белал Мухаммадпен жұдырықаса алады. 

Кевин Холланд - лайық баға берілмеген қарсылас. Мені қоса алғанда көп файтерге қарсы жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсете алады. Оны қауіпті деп есептеймін. Ал Шавкатқа топ-5 тізімге жетуді көздеу керек деген ойдамын. Кевин Холланд айтарлықтай жақсы қарсылас, сондықтан матчмейкер болсам, мен Кевин - Шавкат айқасын ұйымдастырар едім", - дейді ол The Schmo-ға берген сұхбатында. 
 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан