Неймар ресми түрде "Әл-Хиләлға" ауысты

Бразилиялық шабуылдаушы Неймар Францияның "Пари Сен-Жерменінен" Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" командасына ауысты. Бұл туралы команданың Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Саударабиялық команда клубтық форманы киген 31 жастағы футболшыны таныстырып, оның ресми түрде команда сапына қосылғанын хабарлады.

Бұған дейін бразилиялық шабуылдаушы Неймардың Сауд Арабиясы клубымен келісімшартының егжей-тегжейі белгілі болды: қаламақымен қоса, оған ұшақ пен қызметшілері бар зәулім үй де беріледі.

Сонымен қатар Неймарға өзінің қызы Бруна Бьянкардимен бірге тұруға рұқсат етілгені белгілі болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!