Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің алғашқы раундында өзін балағаттаған теннисшімен ойнайды

Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің алғашқы раундында өзін балағаттаған теннисшімен ойнайды
Фото: eurosport.com

АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы кездесудегі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл турнир хард төсенішінде өтеді.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы "Ролан Гаррос-2017" чемпионы - әлемдік рейтингіде 20-орында тұрған латвиялық Елена Остапенко болмақ.

Бірінші айналымдағы кездесуде Остапенко әлемнің экс-бірінші ракеткасы, чехиялық теннисші Каролина Плишковамен (№25) кездесті. Латвиялық бірінші сетте 1:6 есебімен жеңіліп қалғанымен,  келесі екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып кетті. Кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. Остапенко 15 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланып, сегіз рет қос қате жіберіп, төрт эйс жасады.

Рыбакина мен Остапенконың матчы бүгін, 16 тамызда Астана уақытымен 20:00-де өтеді.

Теннисшілер осыған дейін төрт рет кездескен, есеп 2:2. Төрт матчтың екеуі биыл өтті, екеуінде де Рыбакина жеңіске жетті. Ал қарсыластардың кейінгі ойыны дау-дамаймен аяқталып, Остапенко кортта қазақстандықты балағаттаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан