Ресейде ойнаған қазақстандық футболшы "Бешикташ" сапына қосылды

Ресейде ойнаған қазақстандық футболшы "Бешикташ" сапына қосылды
Фото: pfc-cska.com

Мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов карьерасын түркиялық "Бешикташ" командасында жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sport24 ақпараты бойынша, Зайнутдинов ыстамбұлдық клубпен 2027 жылға дейін есептелген келісімшартқа отырған. Оның жылдық табысы 1,2 миллион еуро болады. Сонымен қоса, ол Түркия чемпионатында легионер есептелмейді екен. 

25 жастағы Зайнутдиновтың ЦСКА-мен арадағы келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген еді. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы "Ростовтан" екі миллионға өткен болатын. Transfermarkt порталы Бахтиерді алты миллионға бағалап отыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz