Рыбакинаның Монреальдағы жеңілісінен кейін WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Рыбакинаның Монреальдағы жеңілісінен кейін WTA рейтингіндегі орны белгілі болды
Фото: National Bank Open

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады. Кейбір қазақстандық теннисшілердің ондағы орны өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Монреальда өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңілген Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында төртінші орнын сақтап қалды. Алайда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 18 орынға төмен түсіп, 79-орынға жайғасты. Үздік үштік өзгерген жоқ: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула (АҚШ).

Жұптық сындағы қазақстандық үздік теннисші Анна Данилина бір орын төмен түсіп, 26-орынға тұрақтады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан