Криштиану Роналду Instagram желісінде оқырмандар саны бойынша рекорд қойды

Криштиану Роналду Instagram желісінде оқырмандар саны бойынша рекорд қойды
Фото: instagram.com/cristiano

Футболшы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты. Ол Instagram желісінде 600 миллионнан астам оқырманы бар алғашқы қолданушы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Криштиану Роналду өткен жылы да осындай рекорд қойып, 500 миллион оқырман жинаған алғашқы адам болды.
 
Бұл тізімде екінші орында 482 миллион оқырманы бар Криштиану Роналдудың қарсыласы, футболшы Лионель Месси тұр. Одан кейін 417 миллионмен Селена Гомес және 390 миллионмен Кайли Дженнер тұр.

Еске салайық, бұған дейін Роналдудың Instagram желісіндегі бір жазбасының құны қанша тұратынын жазған болатынбыз.

А. Жапатова