Роналдудың Instagram желісіндегі бір жазбасының құны қанша?

Роналдудың Instagram желісіндегі бір жазбасының құны қанша?
Фото: instagram.com/cristiano

Португалия ұлттық құрамасының футболшысы және Сауд Арабияның "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісіндегі ең көп жалақы алатын блогер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Роналдудың бір жарнамалық жазбасы екі миллион еуродан асады. Осылайша, 38 жастағы португалдық өзінің қызметі үшін шамамен 1,7 миллион еуро алған америкалық модель Кайли Дженнерді бірінші орыннан ығыстырды.

Үшінші орында Роналдудың басты қарсыласы – аргентиналық Лионель Месси. Бір жарнамалық жазбасының құны - 1,6 миллион еуро.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Айта кетейік, Роналду әлеуметтік желілерде спорт, сауықтыру және криптовалюта брендтерін жарнамалау арқылы ақша табады. Сондай-ақ португалдық жұлдыздың 598 миллион оқырманы бар.

Роналду "Аль Наср" сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Шабуылшының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Сауд Арабиясындағы чемпионат аясында португалиялық спортшы 16 ойынға қатысып, 14 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, осыған дейін 30 жастағы Денис Евсеев карьерасында алғаш рет "Челленджер" турнирінде жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек