Андрей Голубев Баня-Лукадағы турнирдің финалына шықты

Андрей Голубев Баня-Лукадағы турнирдің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Баня-Лукадағы "Челленджер" турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Андрей Голубев украиналық теннисші Денис Молчановпен бірге жартылай финалдағы матчын чехиялық Петр Ноуза мен германиялық Константин Франценмен қарсы өткізді.

Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:2 есебімен екі сетте жеңді.

Енді Голубев пен Молчанов финалда румыниялық-аустриялық жұп Виктор Влад Корня мен Филипп Освальдпен ойнайды. Матч ертең, 12 тамызда Астана уақытымен 18:30-да өтеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан