Сарапшы Алмабаев чемпиондық айқасқа қашан шыға алатынын айтты

MMA Sport сарапшысы, британиялық Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Асу Алмабаевтың UFC-дегі дебюті мен чемпиондық жекпе-жек туралы ашығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінің екінші раундында ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді. 

"Алғашқы жекпе-жекті бұдан жақсы өткізу мүмкін емес шығар. Тәжірибелі қарсыласты екінші раундта жеңіп отыр. Тіпті қарсыластың өзінде ешқандай сұрақ пен күмән қалмады. Қазіргі таңда керектінің бәрі осы. Алайда чемпиондық амбиция туралы айту әлі ерте. Енді кемінде бірнеше жекпе-жек керек, екі-үш жыл уақыт өтеді. Егер ары қарай да өсіп отырса, титул туралы сөз қозғауға боалды", - дейді Смит. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз! 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!