Әйгілі Емельяненко Майк Тайсонның өзін жекпе-жекке шақырды

Әйгілі Емельяненко Майк Тайсонның өзін жекпе-жекке шақырды
Фото: instagram.com/miketyson/fedoremelianenkoofficial/

Pride лигасының бұрынғы чемпионы Федор Емельяненко аңызға айналған америкалық Майк Тайсонмен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы ол The MMA Hour подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"ММА-дан кеттім, енді оралмаймын, сөз бергенмін, бірақ өзімді бокста сынап көргім келеді. 

Рой Джонс пен Майк Тайсонның жекпе-жегін көрдік, YouTube-те видеодан тауып алуға болады, ол әлі де жақсы формада.

28 қазан Сауд Арабиясындағы Тайсон Фьюри мен Фрэнсис Нганну кардында Тайсонмен жұдырықтасу қызықты болар еді, дайындалып үлгеруші едім", - деді Федор Емельяненко.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан