Елена Рыбакинаның бір тәулікке жуық уақытқа шегерілген матчы аяқталды

Елена Рыбакинаның бір тәулікке жуық уақытқа шегерілген матчы аяқталды
Фото: tennismajors.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA турнирінің 1/16 финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина америкалық теннисші, әлемнің 584-ракеткасы Дженнифер Брэдимен ойнады.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:7, 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 41 минутқа созылды. Ойын кезінде қазақстандық теннисші 12 эйсті орындап, 5 қос қателік жасады. Сонымен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдалана алды.

Енді ол турнирдің 1/8 финалында америкалық тағы бір теннисші, әлемнің 38-ракеткасы Слоан Стивенспен ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Монреальдағы WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчы жаңбырға байланысты тоқтатылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан