Юлия Путинцева әлемнің 3-ракеткасынан жеңілді

Юлия Путинцева әлемнің 3-ракеткасынан жеңілді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 1/16 финалда әлемнің 3-ракеткасы Джессика Пегуладан ұтылды. Америкалық теннисші 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне шықты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 24 минутқа созылған матч кезінде қос қателік жасады және үш брейк-пойнттың тек біреуін сәтті пайдаланды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бұған дейін турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмай, кейін турнирдің басқа теннисшінің шығып қалуына байланысты негізгі кезеңге жолдама алған еді. Ол 1/32 финалда америкалық теннисші Бернарда Пераны ұтқан еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан