Рыбакинаның Монреальдағы турнирде тоқтатылған матчы қашан өтетіні белгілі болды

Рыбакинаның Монреальдағы турнирде тоқтатылған матчы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Eric Bolte-USA TODAY Sports

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Монреальдағы WTA 1000 турнирінде жаңбырға байланысты тоқтатылған матчы (1/16 финалы) қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина мен америкалық  Дженнифер Брэдидің матчы 10 тамызда түнде, Астана уақытымен шамамен 00:30-да өтеді.

Бұл кездесу әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентек пен чехиялық теннисші Каролина Плишковамен матчынан кейінге жоспарланған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Дженнифер Брэдидің арасындағы матч жаңбырға байланысты кейінге шегерілген. Бірінші сет бойынша есеп 6:6 болып, тай-брейкте америкалық теннисші 4:2 ұпаймен алға шыққанда, матч тоқтатылған. 

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде төртінші орында тұр және бұл турнирді екінші айналымнан бастады. Брэди WTA рейтингінде 584-орында орналасқан, бірінші раундта ол әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық теннисші Елена Остапенконы 7:6 (9:7), 0:6, 7:6 (10:8) есебімен ұтып кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан