Қазақстанның бірінші ракеткасының Торонтодағы турнирде жолы болмады

Қазақстанның бірінші ракеткасының Торонтодағы турнирде жолы болмады
Фото: instagram.com/bublik/

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жұптық сынның бірінші айналымында ұтылып, Торонтодағы (Канада) турнирден шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бублик франциялық Адриан Маннариномен бірге франциялық-германиялық жұп Фабрис Мартен - Андреас Мьеске екі сетте есе жіберді - 3:6, 4:6.

Енді Мартен мен Мьес келесі матчтерін испаниялық Марсель Гранольерс және аргентиналық Орасио Себальосқа қарсы өткізеді.

Еске салайық, Бублик жекелей сынның бірінші айналымында польшалық Хуберт Гуркачтан ұтылған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан