Александр Бублик Торонтодағы турнирдің алғашқы кезеңінен-ақ сүрінді

Александр Бублик Торонтодағы турнирдің алғашқы кезеңінен-ақ сүрінді
Фото: instagram.com/bublik/

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Булик Торонтода (Канада) өтіп жатқан ATP 1000 сериясындағы турнирдің алғашқы раундында жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол алғашқы айналымдағы матчты польшалық теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Хуберт Хуркачқа қарсы өткізді. Александр Бублик қарсыласынан 3:6, 6:7 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, теннисшілер осымен жетінші рет кездесіп отыр. Оның тек біреуінде қазақстандық теннисші жеңген. Қалған алты кездесуде польшалық басым түсті.

Енді Александр Бублик Торонтодағы турнирдің жұптық сынында өнер көрсетеді. Ол франциялық теннисші Адриан Маннариномен бірге германиялық және франциялық жұпқа қарсы ойнайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан