Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федарациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федарациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кездесті.

Аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.

1 сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.

Қазіргі кезде Недовесов әлемдік рейтингіде 45-тен бір саты жоғарылап тұр.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан