Милад Карими Универсиаданың алтын, күміс және қола медалін жеңіп алды

Милад Карими Универсиаданың алтын, күміс және қола медалін жеңіп алды
Фото: www.instagram.com/milad_milka/

Қытайда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық гимнастшы Милад Карими ел қоржынына алтын медаль сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан гимнастика федарациясына сілтеме жасап.

Ол кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары жайғасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Gymnastics?? (@kazgymfederation)

Бұл - Милад Каримидің ХХХІ жазғы Универсиададағы 3-медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола медаль иесі атанған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан