"Барыстың" америкалық жаңа ойыншысы қанша жалақы алатыны белгілі болды

"Барыстың" америкалық жаңа ойыншысы қанша жалақы алатыны белгілі болды
Фото: ©detroitjockcity.com

"Барыс" хоккей клубының жаңа ойыншысы Райли Барбер қанша жалақы алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Спорт-Экспресс" басылымы Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ойыншылар жалақысының жаңарған рейтингін жариялады. Ондағы ақпарат бойынша елордалық команданың америкалық легионері 1 жылда 55 миллион рубль табысқа кенеледі. Мұны теңгемен есептейтін болсақ, 259 миллионды құрайды. Сонда айына 21,5 миллион теңгедей. 

Айта кетейік, "Барыс" америкалық форвардпен келісімге келгені жайлы жуырда ғана хабарлаған болатын. Біржақты келісім 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген. Барбер Ұлттық хоккей лигасында (NHL) 16 ойын өткізген. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай