"Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі екінші ойында швейцариялық "Базельден" ұтылып қалды, бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Команданың қарымта кездесуі Қостанайда өтті. "Тобыл" қарсылас командадан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Барлық гол бірінші таймда соғылды.

26-минутта "Базельді" Антон Каде алға шығарса, 32-минутта Жан-Кевин Огюстен пенальтиді мүлт жібермеді. Үзіліске дейін бір голды 43-минутта Серж Деблені салып үлгерді.

Еске салайық, Швейцарияда өткен алғашқы ойында "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, жалпы 4:3 есебімен қазақстандық клуб Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Онда команда "Дерри Сити" (Ирландия) - "КуПС" (Финляндия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!