Денис Евсеев - Портудағы турнирдің ширек финалында

Денис Евсеев Португалияның Порту қаласында өтіп жатқан турнирде 2022 жылғы Shymkent Challenger чемпионын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осылайша, Денис Евсеев топырақ төсенішінде өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Қазақстандық әлемнің 189-ракеткасы, америкалық Эмилио Наваны 3:6, 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Денистің 1/4 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэльдегі (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына өткенін жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз