Сауль "Канело" Альварес Қазақстанға келуі мүмкін

Сауль "Канело" Альварес Қазақстанға келуі мүмкін
Фото: ©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға қонақ болып келуі мүмкін. Оны жыл соңында өтетін бокс кешіне шақырған, - деп хабарлайды Vesti.kz

Сайт ақпараты бойынша, бокс кеші Алматы немесе Астанада өтеді, ал боксшымен жанкүйерлерінің кездесуі де жоспарланған. 

Айта кетейік, Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізеді. Қарсыласы – бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО).

"Канеломен" Геннадий Головкин үш рет жұдырықтасты. Біріншісі тең аяқталса, кейінгі екі жекпе-жекте төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай