"Астана" Загребтің "Динамосынан" қарымта ойында да ұтылып қалды

"Астана" Загребтің "Динамосынан" қарымта ойында да ұтылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өткен кездесу 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. 24-минутта Хорватия клубының әзербайжандық шабуылшысы Махир Эмрели бірінші голды соқты. Ал қорытынды есепті 89-минутта Антонио Марин қойды.

"Астананың" гол соғатын бірнеше тамаша мүмкіндігі болғанымен, "Динамоның" қақпасын дәл бағыттай алмады.

Еске салайық, бірінші ойында хорватиялық клуб 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұдан кейін астаналық клуб Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. "Астананың" қарсыласы Чемпиондар лигасынан шығып қалған болгариялық "Лудогорец" болады.

Ал "Динамо" Чемпиондар лигасының келесі турында Грекияның АЕК командасымен ойнайды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!