Александр Бублик АҚШ-тағы АТР 500 турнирінің жұптық сындағы матчта жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жұптық сында Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан АТР 500 турнирінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық Нидерланд елінің өкілі Таллон Грикспурмен бірге іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен. Алайда бүгін алғашқы кезеңде америкалық теннисшілер Бен Шелтон мен Маккензи Макдональдтан ұтылды. 

Есеп 6:4, 7:6(7:4) есебімен америкалықтардың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші бұл турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз