Жарақат алған "Реалдың" жаңа ойыншысы екі ай бойы алаңға шыға алмайды

Жарақат алған "Реалдың" жаңа ойыншысы екі ай бойы алаңға шыға алмайды
Фото: ©twitter.com/realmadrid

"Реал" футбол клубының түркиялық жаңа ойыншысы Арда Гюлер алдағы ойындарға қатыса алмайды. Ол команданың АҚШ-та оқу-жаттығу жиындары кезінде жарақат алып қалған. 

Managing Madrid ақпараты бойынша, түркиялық жартылай қорғаушы тізесін (мениск) жарақаттап алған. Қазір Мадридке қайта оралып, ем қабылдауды бастаған. 

Арда Гюлер жуырда ғана мадридтік клубқа "Фенербахчеден" ауысып келген еді. Трансферлік құны 20 миллион еуро болған. Ойыншымен команданың келісімшарты 2029 жылдың маусым айына дейін жасалған. 

О. Сансызбай