Роналду жаңа маусымдағы бірінші голын соқты
![Роналду жаңа маусымдағы бірінші голын соқты](/userdata/news/news_88036/image_l.jpg)
Фото:
©twitter.com/AlNassrFC_EN
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнайтын танымал футболшы Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы голын соғып, жанкүйерлерін қуантты.
Португалдық футболшының командасы клубтар арасындағы араб чемпионатында Тунистің "Монастир" командасымен ойнады. Қарсыластарын 4:1 есебімен ұтып, Роналду екінші голды өз еншісіне жазды.
Роналдудан өзге команда сапында Андерсон Талиска (42 минутта), Абдулелах Аль-Амри (88) және Абдулазиз Аль-Элевай (90) гол соқты. Ал тунистік команданың бір голы Әли Ладжамидің автоголымен есепке алынды.
"Әл-Наср" соңғы 5 ойында жеңіске жетпеген еді.
О. Сансызбай