Александр Бублик әлемдік рейтингіде алғаш рет топ-25-ке кірді

Александр Бублик әлемдік рейтингіде алғаш рет топ-25-ке кірді
Фото: instagram.com/bublik/

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 26-дан 25-орынға көтерілді.

Бұл – оның әлемдік рейтингідегі үздік көрсеткіші.

Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсарта алды.

Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін "Челленджер" турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-орнын сақтап қалса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке сырғыды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан