Қазақстандық велошабандоз Испаниядағы жарыста бірінші келді

Қазақстандық велошабандоз Испаниядағы жарыста бірінші келді
Фото: ©astana-qazaqstan.com

"Астана" велокомандасының үздігі Алексей Луценко Испанияда өткен Circuito de Getxo біркүндік турының жеңімпазы атанды. 

Бильбаодан Гечоға дейінгі 193,3 шақырымдық жолды отандасымыз 4 сағат, 19 минут, 10 секундта жүріп өтті. Осылайша жарыс мәресіне бірінші жетті. Екінші болып келген Lidl-Trek командасы өкілі Тони Галлопен Алексейден 24 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды тағы бір "Астана" велошабандозы Симоне Веласко (+0,33) иеленді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Qazaqstan Team (@astanaqazaqstanteam)

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай