30 жастағы Денис Евсеев карьерасында алғаш рет "Челленджер" турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Астанадағы АТР Challenger 50 – Президент кубогы турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Финалда Евсеев (412 ATP) өзбек Хумоюн Сұлтановты (550 ATP) жеңді. Бірінші сетте Сұлтанов 5:1 есебімен алға шықты, бірақ Денис қуып жетіп қана қоймай, алғашқы сеттегі жеңісті жұлып алды – 7:5. Екінші ойында Хумоюн белсенділік танытып, көбірек шабуылдап, сетте жеңіске жетті – 6:2.

Ойынның шешуші сәті тартысты өтіп, ойыншылар кезек-кезек дәрігерлерді кортқа шақырды. Тоғызыншы геймде қазақстандық үзіліс жасап, 6:4 есебімен матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Денис Евсеев карьерасындағы алғашқы "Челленджерді" жеңіп алды. Ол бұл жеңісі үшін 50 рейтингтік ұпай мен 5 500 доллар сыйақы алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!