"Ақтөбе" грузиялық "Торпедоны" ойсырата жеңді

"Ақтөбе" грузиялық "Торпедоны" ойсырата жеңді
Фото: instagram.com/fcaktobe_official/

"Ақтөбе" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақтөбе" сырт алаңда грузиялық "Торпедомен" ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Әлібек Қасым 34-минутта пенальтиде гол соғып, есепті ашты.

43-минутта Милош Райчкович тағы бір гол салды.

73-минутта Арман Кеңесовтің кенеттен алған жарақаты салдарынан ойынға қосылған Максим Самородов есепті 3:0 етті.

Алаң иелері екінші таймның соңғы, 89-минутында бір гол соқты. Оның иесі - Георгий Арабидзе.

Алайда қосымша уақытта қазақстандық команда қарсыластың қақпасына төртінші голды (Андрей Филипович) салып, матчты 4:1 есебімен аяқтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан