"Арсенал" жолдастық ойында "Барселона" қақпасына 5 гол соқты

"Арсенал" (Англия) және "Барселона" (Испания) клубтары арасындағы жолдастық кездесу аяқталып, лондондық команда 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын Лос-Анджелестегі "Соу-Фай" алаңында өтті. 

Бірінші таймда каталондық клуб екі рет есепте алға шыққан. Алғаш болып Роберт Левандовский гол соқса, Букайо Сака есепті теңестірген-ді. Одан кейін Рафинья екінші рет "Барсаны" алға шығарған. Бірінші тайм аяқталғанша Кай Хаверц есепті теңестіріп кетті. 

Екінші таймда "Арсенал" сапынан Леандро Троссард дубль жасаса, тағы бір голды Фабиу Виейра өз еншісіне жазды. "Барселонаның" үшінші голын ойын аяқталар тұста Ферран Торрес соқты. 

Ағылшындық клуб келесі жолдастық ойынын 2 тамыз күні "Монакоға" қарсы өткізсе, "Барселона" 30 шілде күні "Реалмен" ойнайды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай