Юлия Путинцева Германиядағы WTA 250 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Гамбургте (Германия) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші кезеңінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева германиялық теннисші Юле Нимайерден жеңілді. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен алға шыққанымен, кейінгі екі сетте 3:6, 1:6 есебімен ұтылды.

Еске салайық, Юлия Путинцева бірінші айналымда франциялық теннисші Эльза Жакмоны ұтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!