Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда "БИІК-Шымкент" қыздар командасының ​​бас бапкері қатар атқарады.

Бұған дейін бұл қызметте ресейлік маман Александр Семенов болған еді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.