"Астана" Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне шықса грек командасымен ойнайды

"Астана" Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне шықса грек командасымен ойнайды
Фото: ©ФК "Астана"

Футболдан Чемпиондар лигасы үшінші кезеңінің жеребесі тартылды. "Астана" командасы бұл кезеңге өтсе Грекияның АЕК командасымен ойнайтын болды.

Елордалық команда екінші іріктеу кезеңінде Загребтің "Динамо" клубымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілдеден 26-на қараған түні Хорватия жерінде өтсе, қарымта кездесу 2 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді деп жоспарланған. Екі ойын қорытындысы бойынша ұтқан командаға гректің АЕК клубы қарсылас болады.

Чемпиондар лигасы үшінші кезеңінің бірінші ойындары 8-9 тамызда өтсе, қарымта кездесуі 15 тамызға жоспарланған.

О. Сансызбай